[vc_row][vc_column width=”1/2″][vc_column_text]

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №3 «Алау» Балалар шипажайы Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 1982 жылдан бері жұмыс істейді және «Есентай» өзенін бойлай экологиялық таза аудан З.Шашкин көшесі, 7 мекен-жайында орналасқан. Шипажай аумағы көгалдандырылған, ойын алаңдары, көлеңкелі жайлар, әткеншектер бар. Шипажай туберкулездік емес  этиологиялы пульмонологиялық аурулармен сырқаттанатын 3 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға қалпына келтіре емдеу мен медициналық сауықтыру бойынша тегін медициналық әрі білікті көмектің кепілді көлемін көрсетуге арналып ашылған, 100 төсек-орынға есептелген. Балалардың болу ұзақтығы 15 күнді құрайды. Күнтізбелік жыл ішінде шипажайда 2000 бала оңалтудан өткізіледі. Емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізумен қатар оқу-тәрбие жұмысы да іске асырылады. Шипажайдың педагогикалық қызметінің жұмысы бірінші келген уақытында баланың айналысында ерекше оптимистік, оң эмоционалдық атмосфера мен қарым-қатынас ортасын қалыптастыруға, әлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасауға бағытталады. Балалардың осында болған кездегі жағдайын жақсарту, олардың бос уақытын дұрыс өткізу мақсатында ұлттық қолөнер бөлмелері, психологиялық көмек көрсету бөлмесі, бейнекөрсетілімдер көруге арналған бөлме ашылған. Қажетті көңіл-күй орнату үшін, ритмикасын дамыту үшін музыка жетекшісі балалармен ән-күй сабақтарын өткізеді.   Жоғары білікті, көп жылдық еңбек тәжірибесі мен  қалыптасқан класссикалық мектебі бар педагогтар ұжымы «Балбөбек» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Балалардың оңай бейімделуі үшін әр келім-кетімінде ойын түрінде «Нептун күні», «Қыс мерекесі», «Көңілді старттар», «Алау Аруы», «Караоке», «Алтын күз» сияқты бірқатар бұқаралық-мәдени шаралар мен өзге де ойын-сауық шаралары өткізіледі. Музыка залында балалармен сабақтар және тақырыптық ертеңгіліктер өткізіледі. Балалар шипажайда болған кезінде Қазақстан Республикасының әнұранын жаттайды.
[/vc_column_text][/vc_column][vc_column width=”1/2″][vc_column_text]Біздің шипажайда емделетін аурулардың түрлері

    • нақтыланбаған созылмалы бронхит
    • кәдімгі созылмалы бронхит
    • жіті немесе созылмалы деп нақтыланбаған бронхит
    • аллергиялық компоненті басым демікпе
    • нақтыланған темір жетіспеушілік анемиясы
    • созылмалы тонзиллит
    • бадамша без гипертрофиясы
    • аденоидтер гипертрофиясы
    • аденоидтер гипертрофиясымен бірге қосылған бадамша без гипертрофиясы
    • өзге де созылмалы бадамша без бен аденоидтер аурулары
    • Вазомоторлық ринит

 

Емдеу-сауықтыру шаралары кешені:

    • Санитарлық-гигиеналық және емдік режим;
    • Алты реттік толық құнарлы және ұтымды, диеталық тамақтандыру;
    • баланың сырқатына сәйкес бекітілген емдеу стандарты бойынша дәрумендік және физиолық емдеу;
    • Фитотерапия (шөптер мен фитошәйлердің толық құрамды жинағы);
    • Физиотерапия ( физиотерапиялық емнің барлық түрлері  – УФО, парафинмен емдеу, электрофорез, биоптрон, ингаляция және т.б.);
    • Стопотерапия (шунгит);
    • Спелеотерапия;
    • Ароматерапия;
    • «Шарко» душы – сумен массаж;
    • жеке және топпен ЛФК;
    • емдік, дренаждық  массаж;
    • шынықтыру, контрастты-ауа ванналары;
    • Гелиотерапия.

 [/vc_column_text][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column][vc_column_text]Cанатории әкімшілігі:

Молдахынова Айнұр Зейнәділқызы

Бас дәрігер

Шыныбаева Күләш Кәрімқызы

Бөлімше меңгерушісі

Адельбаева Раушан Жанбырбаевна

Бас бухгалтер

Руденко Наталья Яковқызы

Бас медбике

Юсупова Шакура Калантайқызы

Пед.бөлім меңгерушісі
[/vc_column_text][vc_separator color=”white”][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column][vc_column_text]Бізбен байланысу үшін толтырыңыз:

[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row]

To Top