[vc_row][vc_column][vc_column_text]

                         Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

№3 «Алау» балалар шипажайы

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

 

2016 жылдың

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

 

  1. Шипажайдың жалпы сипаттамасы

 

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №3 «Алау» Балалар шипажайы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Бостандық ауданында З.Шашкин көшесі, 7 мекен-жайында орналасқан. Санаторий типтік балалар мекемесінің үй-жайында орналасқан, 1982 жылдан бері жұмыс істейді.

Санаторийдің функционалдық міндеті – туберкулездік емес  этиологиялы пульмонологиялық аурулармен сырқаттанатын балаларға 100 төсек –орынды қалпына келтіре емдеу мен медициналық сауықтыру бойынша тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету болып табылады.

Алматы қаласы әкімдігінің 03.09.2015 жылғы №3/527 қаулысы негізінде №3 «Алау» Балалар санаторийі ШЖҚ МКК болып қайта аталды.

Алматы қалалық Әділет департаментінің Бостандық ауданы әділет басқармасының 22.10.2015ж. №728-ші бұйрығымен қайта тіркеуден өтті.

ТМККК бойынша 2016 жылғы мемлекеттік тапсырыс 1800 баланы құрайды.

Алматы қаласының БМСК мамандарының жолдамасымен «Емдеуге жатқызу бюросы» Порталы арқылы жіберіледі.

 

Шипажайдың мақсаты мен міндеттері:

 

Міндеттері: Пациенттің медицина қызметкеріне деген сенімін арттыру арқылы сапалы әрі тиімді медициналық көмек көрсету.

Мақсаты:балалардың жан-жақты дамуын, балалардың сырқаттануын азайтуды, салауатты өмір салтына бейімделуін, денсаулықтарын қорғау мен нығайту үшін барынша ұтымды жағдайлардың жасалуын қамтамасыз ету.

 

  1. Шипажайдың негізгі міндеттері

– қалпына келтіре емдеу мен медициналық оңалту бойынша емдеу-сауықтыру шараларының толық кешенін іске асыру;

– шипажайға келіп түскен балаларды қалпына келтіре емдеу мен медициналық оңалту бойынша қоғамдық және әлемдік озық тәжірибелерді зерттеу және тарату;

– балалардың және олардың ата-аналарының арасында салауатты өмір салтын, науқас балалардың денсаулығын қалпына келтірудегі олардың жауапкершілігін насихаттау, әрі оларды сауықтыру шараларына белсенді қатысуға жұмылдыру;

– қаланың өзге БМСК-лерімен емдеу, оңалту ісінің  сабақтастығы.

  1. Емдеу-сауықтыру шараларының кешені
  2. – Санитарлық-гигиеналық және емдік режим;
  3. – Алты реттік толық құнарлы және ұтымды диеталық тамақтандыру;
  4. – Қалпына келтіре емдеу мен медициналық оңалтудың бекітілген стандарттары бойынша баланың сырқатына сәйкес бекітілген емдеу стандарты бойынша дәрумендік және физиолық емдеу;
  5. – Фитотерапия (шөптер мен фитошәйлердің толық құрамды жинағы);
  6. – Физиотерапия ( физиотерапиялық емнің барлық түрлері  – сәулемен емдеу, жылумен емдеу, аэрозольтерапия , сумнен емдеу және т.б.);
  7. – Стопотерапия шунгитпен;
  8. – Галотерапия;
  9. – Самырсын майымен ароматерапия;
  10. – «Шарко» душы;
  11. – Жеке және топпен ЕДШ;
  12. – Емдік массаж;
  13. – Контрастты-ауа ванналары тәсілімен шынықтыру.

 

Баланың бейімделуі, емделуден бос уақытын қызықты әрі жақсы өткізуі емдеу-сауықтыру жұмысы барысында өте маңызды рөл атқарады, сондықтан педагог қызметкерлердің жұмысына да көп көңіл бөлінеді.

Емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізумен қатар оқу-тәрбие жұмысы да іске асырылады.

Шипажайдың педагогика қызметінің жұмысы келім-кетімнің алғашқы күні баланың әлеуметтік бейімделуі үшін, баланың айналасында оптимистік, жағымды эмоционалдық атмосфераның, қарым-қатынас ортасының қалыптасуы үшін жағдай жасауға бағытталған.

Күнделікті жұмыс барысында педагог қызметкерлер медицина қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді.

2016 жылғы міндеттер мынандай болы: «Денсаулық» білім беру саласы бойынша, дене шынықтыру сабағы арқылыбалалардың денсаулығын нығайту; «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша балаларға сурет салуды үйрету, қоршаған ортаның әсемдігін көре білуді балаларға үйрету, балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын ояту. Балалар келіп түске кезде олармен педагогика бөлімінің меңгерушісі мен психолог-педагог жұмыс жүргізеді. Ата-наларымен сауалнамалар жүргізеді , және әр баламен жеке жұмыс жасайды. Қызметкерлермен тренингтер өткізіледі: «Қарым-қатынас жасау, тәлдесудің вербалдық және бейвербалдық құралдары», 9 қыркүйекте «Бақытты отбасы» тренингі өткізілді.

Шипажай педагогтары ағылшын тілі элементтері бар сабақтарды да өткізіп тұрады. Келім-кетім соңында музыка жетекшісі ойын-сауық шараларын өткізеді.

 

 

 

  1. Қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыру

 

Шипажайдың қаржы-шаруашылық қызметі 100% мемлекеттік тапсырысты орындаудан тұрады. Бір баланы емдеу үшін бюджеттен 15 төсек орын күніне 72425,55 мың теңге сома бөлінеді, оның ішінде тамақтандыру үшін күніне 1004,3 теңге, дәрі-дәрмектер үшін күніне 198,39 теңге, қалған сома салықтар үшін, жалақы мен жүктеме шығындар үшін жұмсалады ( өзге қызметтер, коммуналдық қызметтер).

10 төсек-орыннан тұратын күндізгі стационардың ақылы бөлімшесі жұмыс істейді, бөлімшенің штаты 4 бірлікті құрайды.

 

 

  1. Соңғы 3 жылдағы қаржылық көрсеткіштері

  

Атауы 2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл
Қаржыландырылған жоспар 116 446,5 123946,2 136 733,1
Бекітілген мемлекеттік тапсырыс сомасы 116 446,5 123946,2 136 733,1
Мемлекеттік тапсырыс 1800 1800 1800
Жоспардың нақты орындалуы 1800

 

1800 1800
Бір емделу жағдайының нақты құны  

64 906,95

 

68 839,04

 

72 425,55

 

 

 

  1. Шығындар құрылымын талдау

 

Мың тг

Спецификасы Атауы 2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл
    теңге (+/-) в % теңге (+/-) в % теңге (+/-) в %
Жалпы қаржыландыру 116 446,50 100,00 123946,2 100,00 136733,1 100,00
Оның ішінде ақылысы  

0

 

 

0

 

 

2425,3

 

1,8

111 Жалақы 57 851 49,68 68 967,10 55,64 79132 57,87
о.і. әкімнің сыйақысы 0 13,51  (от фот) 4756 6,90    (от фот) 3942 4,14     (от фот)
о.і. дифф.төлемдер 7815 13,51  (от фот) 8476 12,29  (от фот) 9621 13,00   (от фот)
121 Салықтар 5 601 4,81 6841 5,52 8423,8 6,16
141 Азық-түлік өнімдері  

25 545

 

21,94

 

24 842,70

 

20,04

 

27 116,00

 

19,83

142 Дәрі-дәрмектер 4 511 3,87 3 942,00 3,18 5356,5 3,92
149 Тауарларды сатып алу 4 864 4,18 3 246,70 2,62 4015,4 2,94
151 Коммуналдық қызметтер 5692,9 4,89 5244,6 4,23 4962,2 3,63
152 Байланыс қызметтері 354,8 0,30 406,5 0,33 414 0,30
153 Авто қызметтер 2230,2 1,92 1690 1,36 2400 1,76
159 Өзге қызметтер 9797,1 8,41 4020,1 3,24 4 913,20 3,59

 

 

 

 

Жалпы қаржыландыру  2014 жылы – 116 446,5 мың тг. құрады,  2015 -123946,2 мың тг.,  2016 – 136 733,1 мың. тг. 2015 жылдан бастап 2016 жыл бойынша өзгерістер процентке шаққанда көбею жағына қарай +9,3 %.-ке теңелді.

Жалпы қаржыландыруға мыналар кіреді

  • Жалақы бойынша сома 2016 жылы 79 132,0 мың тг. Құрады, бұл алдыңғы 2015 жылға қарағанда 8,7% -ға көбірек.
  • Салық: 2016 ж.  сома 8423,8 мың тг. Тең, яғни 2015 жылға қарағанда 8,1 % -ға артық.
  • Азық-түлік өнімдері 2015 жылы 24 842,7 мың тг және 2016 жылы + 9,1 %-ға көбейген, жалпы сомасы 27 116,0 мың тг құрады
  • Дәрі-дәрмектер 2016 жылы 5356,5 мың тг. құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 7,3 % -ға артық, 2015 жылы сома  3942,0 мың тг. құраған.
  • Тауарларды сатып алу 2015 жылы 3246,7  мың тг  болды және 2016 жылы 4015,4 мың тг. болды. Айырмашылығы    көбею жағына қарай 19,1 %-ды құрады.
  • Коммуналдық қызметтер 2016 жылы 4962,2 мың тг., бұл 2015 жылға қарағанда 5,7 % -ға аз,  2015 жылы сома  5244,6 мың тг. құраған.
  • Байланыс қызметі 2016 жылы 414,0 мың тг. құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 1,8 % -ға көбірек, 2015 жылы сома  406,5 мың тг. құраған.
  • Автокөлік қызметтері 2016 жылы 2400,0 мың тг. құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 29,6 % -ға артық, 2015 жылы сома 1690,0 мың тг. құраған.
  • Өзге қызметтер 2015 жылы 4020,1 және  2016  жылы  4913,2  мың тг. құрады.  Тиісінше   процентке шаққанда көбею жағына қарай 18,2 %  -ды құрайды.

 

Бухгалтерлік есептілік 2011 жылдан бері 1С бағдарламасы: 8.3. нұсқасы бойынша  МСФО –мен жүргізіледі. Тауарларды сатып алу ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына қатаң сәйкес түрде іске асырылады.

     Материалдық – техникалық база 89 %-ға жабдықталған.

 

 

  1. Шипажай қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы

 

  2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл Динамика роста
Дәрігерлер 56 490 192 092,22 194 650,00 1,3 %
ОМҚ 72 484 112 128,24 123 594,26 9,3 %
КМҚ 54 815,2 68 514,80 73 332,16 6,6 %
ӨЗГЕЛЕРІ 61 773,92 65 957,29 82 475,93 20,0 %
  1. Дифференцияланған төлемдер

       Дифференцияланған төлемдер 2014 жылы жалақы қорының  – 12%-н құрады НЖ 7815,0 ( жеті миллион сегіз жүз он бес) мың теңге;

Дифференцияланған төлемдер 2015 жылы жалақы қорының  – 11,3% -н құрады НЖ (8 476) ( сегіз миллион төрт жүз жетпіс алты) мың теңге.

Дифференцияланған төлемдер 2016 жылы жалақы қорының  – 13,0 % -н құрады НЖ (9 621) ( тоғыз миллион алты жүз жиырма бір) мың теңге.

Дифференцияланған төлемдер (9 621) 7 рет жүзеге асырылды ( наурыз, сәуір, мамыр, маусым, қыркүйек, қараша, желтоқсан).

Еңбекақы төлемдері Үкіметтің №1193-ші қаулысына сәйкес үстіміздегі жылдың соңына дейін ай сайын төленеді. Дифференцияланған теңбекақы төлемдерінің көбеюі байқалады.

 

  1. 2016 жылғы шығындар

 

2016 жылы қаржыландыру пайызға шаққанда келесі түрде болды:

 

Атауы %
Жалақы қоры 57,87
Салықтар 6,16
Азық-түлік өнімдері 19,83
Дәрі-дәрмектер 3,92
Тауарларды сатып алу 2,94
Коммуналдық қызметтер 3,63
Байланыс қызметі 0,3
Автокөлік қызметтері 1,76
Өзге қызметттер 3,59

 

 

2016 жылғы медико-экономикалық көрсеткіштер

Атауы Саны
Емделген балалар 1800
Төсек-орын күндері 27 000
Балалардың орташа болуы 15
Бір жағдай бойынша шығын, теңгемен 72 425,55
Бір балаға күніге жұмсалатын азық-түлік шығындары 1004,3
Бір балаға күніге жұмсалатын дәрі-дәрмек шығындары 198,39

 

  1. Кадрлық құрам

 

Жалпы штат саны – 99,0 бірлік.

Жұмыс істейтін медицина қызметкерлері арасындағы біліктілік санаттарын иеленгендер: дәрігерлер – 3 адам, бұл  – 75%-ды құрайды;

мейірбикелер – 12 адам, бұл – 66,7%-ды құрайды;

педагог қызметкерлер – 11 адам, бұл – 65%-ды құрайды;

 

Есептік жылдағы қызметкерлердің толықтығы

 

Атауы Дәрігерлер Орта  мед.қызметкерлер Кіші мед. қызметкерлер Педагог қызметкерлер Өзге қызметкерлер
Штат бойынша 6 28,75 23 11 30,25
Жеке тұлғалар 4 18 17  10 24
Сырттай қоса атқарушылар 6  –
Толықтығы 100% 62,6% 73,9% 90,9% 79,3%
Бос емес 6 21,25 18,75 10 27,25
Қоса атқарушылық коэф. 0,60% 1,18 1,10 1,10 1,05
Санаттылығы 75% 66,7% 65%

 

 

  1. Негізгі көрсеткіштер

 

Жыл Төсек-орын/күндер Балалар саны Орташа болуы Төсек-орынның орташа жұмыс істеуі
жоспар орындалды жоспар орындалды жоспар орындалды жоспар орындалды
2014 30600 30592-99,9% 1800 1800-

100%

17 16,9 17,0 305,9
2015 27000 26996-99,9% 1800 1800-

100%

15 14,9 15 26,99
2016 27000 100 % 1800 100% 15 15 15 27,00

 

Осы кестеден көріп отырғанымыздай, есептік кезең ішінде төсек-орын күндерінің орындалуы 100%.

  1. Аудандар бойынша сауықтырылған балалар

 

Аудандар 2014ж 2015ж 2016ж
адам % адам % адам %
Бостандық 193 10,7 280 15,5 238 13,2
Әуезов 266 14,8 237 13,2 212 11,8
Жетісу 410 22,8 388 21,6 338 18,7
Түрксиб 210 11,7 265 14,7 292 16,2
Алмалы 262 14,5 242 13,4 238 13,3
Медеу 220 12,2 171 9,5 196 10,9
Алатау 239 13,2 197 10,9 240 13,3
Наурызбай 20 1,2 46 2,6
Барлығы 1800 100% 1800 100% 1800 100%

Алматы қ. емханаларының өтінімдеріне сәйкес қаланың барлық аудандарынан келген балалар сауықтырылады.

Сауықтырылған балалардың басым бөлігі Жетісу ауданынан екені және Бостандық пен Әуезов аудандарынан сауықтырылуға келетін балалар санының азайғаны кестеден көрініп тұр, бұл жаңадан құрылған Наурызбай ауданынан балалардың қайта бөлу есебінен болып отыр.

 

  1. Сауықтырылған балалардың жас құрамы

 

Жасы 2014ж 2015ж 2016ж
адам % адам % адам %
3 жас 337 18,7 320 17,8 350 19,4
4 жас 471 26,2 476 26,4 434 24,1
5 жас 557 30,9 544 30,2 496 27,5
6 жас 433 24,0 460 25,5 519 28,9
 7 жас 2 0,1 1 0,1 1 0,1
Барлығы 1800 100 1800 100 1800 100

 

Өткен жылдарға қарағанда 2016 жылы сауықтыруға жіберілген балалардың ішінде жасы 6-дан асқан балалардың үлесі көбейгені, әрі 4-5 жастағы балалардың үлесі азайғаны  кестеден көрініп тұр.

 

  1. Сауықтыру тиімділігі

 

Тиімділігі 2014ж 2015ж 2016ж
адам % адам % адам %
Жақсаруы 1799 99,9 1800 99,9 1800 100
Өзгеріссіз 1 0,1 1 0,1
Нашарлауы

 

Сауықтыру тиімділігінің көрсеткіштері соңғы 3 жылда тұрақты. Осы есептік жылда емделіп шыққан  1800 баланың барлығы жақсарып шықты, бұл

100%-ды құрады. Бұрын емделіп шыққандардың да жағдайлары төмендегендері болған жоқ.

 

  1. Сауықтырылған балалардың нозологиялық құрылымы

 

Диагноздары 2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл
 

Қарапайым созылмалы бронхит

адам % адам % адам %
356 19,8 374 20,8 457 25,4
Бронхиалдық астма

( ремиссия сатысындағы)

14 0,8 8 0,4 13 0,7
Рецидив   бронхиттің  реконвалесценті 741 41,2 1144 63,6 1025 57,0
Нақтыланбаған созылмалы бронхит 84 4,7 177 9,9
Созылмалы  тонзиллит 273 15,2 75 4,2 30 1,6
Бадамша без гипертрофиясы 103 5,7 17 0,9 9 0,5
Вазомоторлық ринит 111 6,1 58 3,2 8 0,4
ЖДА 118 6,5 124 6,9 81 4,5
Барлығы 1800 100 1800 100 1800 100

 

Рецидив   бронхиттің  реконвалесцентімен балалардың бірінші орында екені

кестеден көрініп тұр.

  1. 2016 жылғы физиотерапия бойынша есеп

 

В состав физиотерапия бөлімшесінің құрамына мына кабинеттер кіреді:

  • Электрмен емдеу
  • Сәулемен емдеу
  • Сумен емдеу
  • Ингаляторий
  • Массаж, ЕДШ кабинеттері
  • Тұзді шахта

Бөлімше физиотерапиялық аппаратуралармен толық жабдықталған және   физиоемшараларымен балаларды қамтуды 100% жүзеге асырып отыр   (орта есеппен 1 балаға 3-4 емшарадан келеді ). Физиоемдеу баланың сырқаты мен жасы ескеріле отырып тағайындалады.

 

 

 Физиотерапиялық емдеу тәсілдерімен қамту

 

Емдеу түрлері Емшаралар саны Пайыздық бірлік саны
2014ж 2015ж 201 201 201 201
1 Электрмен емдеу 5889 3672 5776 13474 8430 12956
2 УД терапия 1134 660 300 2835 1650 750
3 Аэрозольтерапия 3013 3696 4914 3013 3696 4914
4 Сәулемен  емдеу 7539 8816 6276 11443,5 13224 9414
5 Галотерапия 7739 4727 1660 15478 9454 860
6 Бассейн 306 552 612 1104
7 Массаж 7875 10378 9822 20475 25002,8 25537,7
8 Циркулярлық душ 7 313 35 628
9 Ароматерапия 6710 3457 1070 6710 3457 330
10 Магнитотерапия 605 678 1158 1210 1356 2316
11 Гелиотерапия 353 450 378 529,5 675 567
12 Парафинотерапия 1787 1700 1120 4467,5 4250 2800
13  Барлығы 42950 38241 31881 80247,5 71229,8 59212,7

 

2016 жылы  емшаралар мен емшара бірліктерінің жалпы саны көбейгенін кестеден көріп отырмыз. Негізгі жүктелім сәулемен емдеуге түседі, өйткені осы емшаралар ағзаның түрлі инфекцияларға, оның ішінде тұмау мен ЖРВИ-ге төтеп берушілігін арттырады, иммундық дәрежені қалпына келтіреді. Сонымен қатар галотерапия кеңінен қолданылады, өйткені бронхиалдық астманы, лор ауруларды, бронхиттер мен аллергиялық белгілері білінген кезде емдеуге өте пайдалы. Балалардың иммундық жүйесін нығайтуға ықпал етеді, сонымен қатар суық тиюдің алдын алу шарасы болып табылады. Жазғы уақытта табиғат ресурстарынан шынықтыру емшарасы – гелиоемдеу жүргізіледі.

 

 

  1. Шипажайда болған кездегі сырқаттанушылық

 

201 201 201
 

Шипажайда болған кезде

адам. % адам % адам %
Инфекциялық аурулар
Бронхиалдық астманың асқынуы
Жіті фарингит
Жарақаттану
Рецидив  бронхиттің асқынуы
ЖРВИ
Барлығы

Кестеден көріп отырғанымыздай, есептік жыл ішінде санаторий бойынша сырқаттанушылық болған жоқ.

Балаларды сауықтырудағы маңызды сәт инфекцияның созылмалы ошақтарын жою болып табылады және осыған байланысты санаторийде ем қабылдаған әр баланы стоматолог, отоларинголог тексеруден өткізеді. Қажет болған кезде көрсетімдері бойынша инфекцияның созылмалы ошақтары жойылады.

      Стоматолог дәрігер  – 1800 баланы тексеруен өткізді, сау балалар – 987, оның ішінде емделуге мұқтаждары – 430 бала. Бұрын емделгендері – 383 бала. Барлықтарына тұрғылықты жерлері бойынша емделу жөнінде кеңестер берілді.

     ЛОР дәрігер  – 1800 баланы тексеруен өткізді, оның ішінде: вазомоторлық ринит – 31, созылмалы тонзиллит – 156, оның ішінде:  1-2 дәрежелі аденоидтер – 31, таңдай бадамша бездерінің гипертрофиясы – 87, созылмалы фарингит – 1, аллергиялық ринит – 3, созылмалы 2-жақты орта отит  – 1, аденоидты вегетация 1-2-3 ст – 6.

ЕДШ дәрігері – 252 топтық сабақтар өткізді, Бронхиалдық астма диагнозы бар балалармен жеке сабақтар өткізілді. ЕДШ тәсілдеріне таңертеңгілік гигиеналық жаттығулар, емдік гимнастика шаралары, Стрельникова бойынша,  Бутейко бойынша тыныс алу жаттығулары, дозалы емдік жаяу серуендер кіреді.

 

Емдік-сауықтыру шаралары кешеніне, жоғарғы органдар бекіткен стандарттарға сәйкес емдеулермен қатар диеталық терапия енгізілген, атап айтсақ рацтонға құрамында йод бар (сүт, ірімшік, нан, айран) тағамдар, және «С» дәруменделген 3-ші тағам енгізілген 6 реттік толыққанды тамақтандыру.

 

  1. Ішкі аудит бойынша есеп

Шипажайдың пациенттерді қолдау (ПҚ) және (ІА) ішкі аудит қызметінің комиссиясы жұмыс жүргізеді, есептік кезең ішінде 18 рет жиналыс өткізілді. Барлық жиналыстар хаттамаланған. Әр келім-кетімнің соңында сарапшы-дәрігер 50% медицина карталарын сараптамадан өткізеді. Медициналық құжаттамаларды жүргізу бойынша ескертулер жиналыстарда талқыланып, кемшіліктер жойылады, медициналық көмек көрсету сапасына әсері тиген жоқ.

Сонымен қатар анықталған ақаулар бойынша қала емханаларына наразылық-хатттар жолданды.

Және де ішкі аудит қызметінің жұмысына ата-аналардан сауалнама алуда кіреді (емделіп шығарылған кезде).

Есептік жыл ішінде   1800 ата-ананың ішінен 360  ата-анадан сауалнама алынды, яғни сауықтырылған балалардың 20%, олардың 99,8% -ы көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанған.

Әр келім-кетімнен кейін пациенттердің ата-аналарынан келіп түскен арыздар мен ұсыныстар, сондай-ақ азаматтардың ұсыныстары мен тілектерін тіркеу журналы талқыланады. Ата-аналардан және балалардан есептік кезеңде наразылықтар мен негізделген арыз-шағымдар болған жоқ.

 

Тазалық-ағарту жұмыстары

  1. Медицина қызметкерлері балалар мен ата-аналар арасында СӨС бойынша жұмыстар жүргізеді.
  2. Дәрігерлер – 12, мейірбикелер – 48 дәріс пен сұхбаттар өткізген.
  3. Бекітілген жылдық жоспарға сәйкес дәрігерлер мен бикелер конференциялары өткізілді.
  4. Балалар арасында салауатты өмір салты бойынша тақырыптық сабақтар өткізілді.
  5. Проводились тематические занятия по здоровому образу жизни среди детей. «Нашақорлық – Наркомания», «Защитись от ВИЧ сегодня», «Дұрыс тамақтану» тақырыптық қабырға газеттері «Туберкулез», «СПИД – ВИЧ» «ТҰМАУ-ГРИПП», «Бронхиалдық астма», «Біз темекі шегуге қарсымыз» санбюллетендері бар. Сауықтырылып жатқан балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша «Жарыстар, викториналар, көңілді бәйгелер» акциялары өткізілді.

 

Ұжымдық іс-шаралар

 

  1. «Нұр-Отанның» есеп беру-сайлау жиналысы өткізілді – «Нұр-Отан» партиясының саяси кеңесінің мүшесі Б.А.Коваленкомен кездесу болды.
  2. Алматы қалалық мәслихатына кандидаттыққа үміткерді ұсынуға, «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVIIIконференциясына делегаттар сайлауға қатыстық.
  3. Ұжым қызметкерлері бірнеше рет веложарыстарға қатысты.
  4. Бүкіл ұжым аудандық және қалалық сенбіліктер өткізуге белсенді ат салысты.
  5. Жазғы уақытта ұжым қызметкерлері санаторийде өткізілген флешмобқа белсенділікпен қатысты.
  6. Алғыс айту күнінің құрметіне 1 мамырда денсаулық сақтау ісінің ардагерлері Г.Г.Урмурзинамен және К.К. Максутбаевамен кездесу ұйымдастырылды.
  7. БАҚ бетіне жариялану: Қазақстан телеарнасы бойынша пед. бөлім меңгерушісі Ш.К. Юсупова, аға мейірбике А.С.Саламатовалар сөз сөйледі.
  8. «Денсаулық академиясы» журналында №3 «Алау» балалар санаторийінің қызметі туралы, ТМККК көрсету туралы мақалалар жарияланды.
  9. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне ұжыммен және пациенттердің ата-аналарымен салтанатты жиын өткізілді. Балалармен ән-би таңертеңгілігі өткізілді.

 

Санитарлық-эпидемиологиялық  режим және ауруханаішілік  инфекциялық бақылау

 

  1. Шипажайдың тазалық-зарарсыздандыру режимін сақтау жұмыстары ұдайы жүргізіледі.
  2. 2016 жылғы қаңтар айында Бостандық ауданының тұтынушалар құқығын қорғау басқармасы сан-эпид тәртібі мен нормаларына сәйкестігі туралы күндізгі стационарға сан-эпидқорытындыны берді.
  3. 2016 жылғы мамыр айында санаторий аумағын кенеден тазарту бойынша өңдеу жұмыстары жүргізілді.
  4. 07.2016 жылы Бостандық ауданының тұтынушалар құқығын қорғау басқармасы жоспарлы тексеруін жүргізді. Анықталған олқылықтар бойынша ескертулер кідіріссіз жойылды.
  5. Тоқсан сайын микробиологиялық зерттеулер жүргізіледі (өзін-өзі бақылау).

 

 

Мәселелер

  1. Ғимаратты сейсмикаға қарсы күшейту жүргізу қажет.
  2. Кәріз желілерін, және суық сумен ыстық сумен қамтамасыз ету желілерін толық ауыстыру қажет.
  3. Асхана блогына 60 л ас пісіретін электрлік секциялы-модулденген қазан сатып алу қажет.
  4. Желдеткішке арналған электр қозғалтқышты сатып ала отырып, желдету жабдықтарын күрделі жөндеуден өткізу қажет.
  5. Қалпына келтіре емдеу мен медициналық оңалту ісіне арналған арнайы стандарттар әзірленбеуіне байланысты аккредитациялау шаралары жүргізілмеді.
  1. Тұжырымдар

 

  1. Мемлекеттік тапсырыс 100% орындалды.
  2. Инфекциялық аурулар есептік жылда болған жоқ.
  3. Қызметерлердің білімін жетілдіру мен айналысатын лауазымы бойынша аттестаттау уақытысында әрі 2016 жылдың жоспарына сәйкес өтті.
  4. Негізделген шағымдар болған жоқ.

5.Сауықтырудың тиімділігі тұрақты қалыпта, осы есептік жылда сауықтырылған балалардың бәрі жақсырумен емделіп шықты.

  1. Бюджет қаржысының үнемделуі есебінен қызметкерлерге ынталандыру төлемдері жүйелі түрде бөлінуде.

 

  1. 2017 жылғы негізгі міндеттер

 

  1. Негізгі көрсеткіштерге жету.
  2. Аккредитациядан өту (стандарттарға сәйкес) 2018 ж. I-жыртыжылы;
  3. Қаржы қорларын дұрыс бөлу;
  4. Жалақы қорының үнемделуіне байланысты қызметкерлерді ынталандыру.
  5. Жаңа сауықтыру тәсілдерін енгізу есебінен медициналық қызмет көрсету сапасын, балаларды сауықтыру тәсілдерін жетілдіру және арттыру ісін жалғастыру.
  6. Шипажайда инфекциялық аурулардың, жарақаттанудың алдын алу жұмыстарын ұдайы бақылап отыру.
  7. Балаларға сауықтыру үшін диагнозын ескере отырып, профиліне сәйкес, Емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жолдама берген кезде, қала емханаларымен сабақтастықты күшейту қажет.
  8. Қызметкерлердің өзге ММ –да тәжірибеден өтуін, кафедраның қатысуымен шеберлік сыныптарын ұйымдастыру, дәрігерлер мен мейірбикелердің БАҚ-пен белсенді жұмыс жүргізуіе, журналдарға мақалалар, тұжырымдар жариялауын ұйымдастыру.
  9. Ресурстарды сақтау мен материалдық-техникалық базаны нығайту саясатын бұдан әрі жүргізе беру (смета бойынша жұмсақ және қатты жиһаздарды қосымша сатып алу.
  10. Жәредем беретін инвесторлардың, демеушілердің қатысуымен шипажайдың аумағын, және топтарда көгалдандыру мен абаттандыруды жақсарта түсу (гүлдер, ағаштар отырғызу, гүлзарлар орнату).

[/vc_column_text][vc_column_text]

Есепті жүктеп алу

[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row]

To Top